«Дені саудың — жаны сау!»

Жарияланған күні: 2023-08-22

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Дені саудың — жаны сау!» атты медицина қызметкерлерінің арасында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалы және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының ұйымдастыруымен волейбол спорт түрінен турнир өтті.

Негізгі мақсат: «Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру» 91-тармағын іске асыру;

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындау мақсатында.

- Облыс тұрғындары арасында дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жұмысын жетілдіру, оларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту;

- Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын медицина қызметкерлері арасында челлендж өткізу.

Жарысқа 7 команда қатысты, олар: Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы., Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы., Жамбыл облыстық балалар ауруханасы., Жамбыл Облыстық Фтизиопульмонология Орталығы., Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы., Жамбыл облыстық онкология және хирургия көп бейінді орталығы., Қалалық көп бейінді ауруханасы. Айта кетейік, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырылуына қаржылай көмек берді.

 

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-орынды - Қалалық көп бейінді ауруханасы;

(300 000 қаржылай ақша)

2-орынды - Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы;

(200 000 қаржылай ақша)

3-орынды - Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы;

(100 000 қаржылай ақша)

Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табатын болады.