Безгек (малярия): алдын алу және сақтану жолдары

Жарияланған күні: 2026-05-08

Безгек (малярия): алдын алу және сақтану жолдары
Безгек (малярия) – маса шағуы арқылы таралатын паразитарлық жұқпалы ауру. Ауруды Plasmodium паразиттері тудырады және оны көбінесе Anopheles туысына жататын масалар таратады. Безгек әлемнің тропикалық және субтропикалық аймақтарында жиі кездеседі.
Безгектің негізгі белгілері:
* дене қызуының көтерілуі;
* қалтырау;
* қатты терлеу;
* бас ауруы;
* әлсіздік;
* бұлшықет және буын ауруы;
* жүрек айну, құсу.
Уақытылы емделмеген жағдайда безгек ауыр асқынуларға, соның ішінде анемияға, бүйрек жеткіліксіздігіне, ми зақымдалуына және өлімге әкелуі мүмкін.
Алдын алу шаралары:
✅ масадан қорғайтын торларды пайдалану;
✅ кешкі және түнгі уақытта денені толық жабатын киім кию;
✅ репелленттер қолдану;
✅ үй-жайларды масалардан қорғау (тор, фумигатор, инсектицид);
✅ безгек таралған аймақтарға сапар алдында дәрігер кеңесін алу.
Есте сақтаңыз: безгектің алдын алу – өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды қадамы.
 
 
Малярия — это паразитарное инфекционное заболевание, передающееся через укусы комаров. Возбудителем являются паразиты рода Plasmodium, переносчиками чаще всего выступают комары рода Anopheles. Заболевание широко распространено в тропических и субтропических странах.
Основные симптомы малярии:
* повышение температуры тела;
* озноб;
* сильная потливость;
* головная боль;
* слабость;
* боли в мышцах и суставах;
* тошнота, рвота.
При отсутствии своевременного лечения малярия может привести к тяжелым осложнениям: анемии, почечной недостаточности, поражению головного мозга и летальному исходу.
Профилактика малярии:
✅ использование москитных сеток;
✅ ношение закрытой одежды в вечернее и ночное время;
✅ применение репеллентов;
✅ защита помещений от комаров (сетки, фумигаторы, инсектициды);
✅ консультация врача перед поездкой в эндемичные страны.
Помните: профилактика малярии — важный шаг к сохранению здоровья и безопасности.