Бүгін «Баланы мектепке дайындайық» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен қызметкерлердің 1-сыныпқа баратын балаларына арналған іс-шара өтті.
Шара барысында аурухананың бас дәрігері Марат Жұманқұлов мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, 38 балаға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелерін табыс етті.
Бұл игі шара жаңа оқу жылы қарсаңында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.