Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында Байқау кеңесінің отырысы өтті.

Жарияланған күні: 2026-04-29

2026 жылғы 29 сәуірде Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында Байқау кеңесінің отырысы өтті. Отырыста мекеменің негізгі қызметіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Байқау кеңесі бас дәрігердің 2025 жылғы қызмет қорытындылары бойынша есебін тыңдап, аурухананың дамуында тұрақты оң өзгерістер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, жоғары технологиялық медициналық көмектің енгізілуі, операция түрлерінің ұлғаюы, материалдық-техникалық базаның нығаюы және қаржылық көрсеткіштердің тұрақтануы айтылды.
Сондай-ақ, мекеме қаражаты есебінен гемофильтрация аппараты, 2 арналы миниатюралық электронейромиограф (кіріктірілген пернетақтамен) «Нейро-МВП-Микро», бронхоскоп, ларингоскоп жиынтығы, плазмаферез аппараты және жылжымалы қарау шамы сатып алынғаны атап өтілді. Ал жергілікті бюджет қаражаты есебінен плазмалық зарарсыздандырғыш, хирургиялық күштік жабдық, жасанды тыныс алу аппараты, бу арқылы зарарсыздандырғыш және наркоз аппараты алынған.
2026–2030 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының жобасы мақұлданып, онда ұлттық сапа индикаторларын енгізу, ішкі бақылауды күшейту, кадрлық әлеуетті дамыту және заманауи медициналық технологияларды енгізу бағыттары қамтылғаны айтылды.
2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша индикаторлардың орындалу нәтижелері қаралып, ЖОМБ қызметіне оң баға берілді. Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартты бекіту және еңбек тиімділігін арттыруға бағытталған ынталандыру тетіктерін енгізу туралы шешімдер қабылданды.