2025 жылдың 25 тамызында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының мәжіліс залында «Қазіргі қоғамдағы заманауи діни радикалды қауіп-қатерлер» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Шараны облыстық дін істері басқармасының мамандары өткізді.
Дәріс барысында мамандар діни радикалды ағымдардың қоғамға төндіретін қатерлері, олардың алдын алу жолдары мен сақтану тетіктері жөнінде кеңінен түсіндірді.
Жиынға қатысқан аурухана қызметкерлері тақырыпқа байланысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Бұл кездесудің басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің діни сауаттылығын арттыру, радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамда тұрақтылық пен бірлікті нығайту болып табылады.
.