Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Жарияланған күні: 2023-06-05

Тәуелсіз Қазақстанның нышандары - Ту, Елтаңба және Әнұран. Қазақ елінің бұл нышандары – мемлекетіміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы. Әрі еліміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстан да өз егемендігін жариялаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының қызметкерлері  04 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай еліміздің Әнұранын орындады.