Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың сапары

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың Жамбыл облысына жасаған сапары барысында өңірдегі медициналық мекемелердің жағдайы бағаланып, жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында алдағы қадамдар талқыланды.

   

Сапар барысында басты назар Жамбыл облыстық көпбейінду ауруханасына аударылды. Мекеменің бас дәрігері Марат Жұманқұлов аурухананың жұмысын жақсарту үшін қолға алынған жаңғырту жоспарын таныстырды. 1966-1985 жылдары аралығында салынған аурухана 2,78 гектар аумақты алып жатыр және кең ауқымды медициналық қызметтерді, соның ішінде жоғары мамандандырылған көмек, медициналық реабилитация және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта ауруханада 320 төсек-орын бар, оның 285-і тәулік бойы жұмыс істейтін бөлімдерге, 35-і күндізгі бөлімге арналған.

2024 жылы ауруханада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Ревматология орталығының ашылуы 1600-ден астам пациентке көмек көрсетуге мүмкіндік берсе, орфандық аурулар кабинетінде 1318 қызмет көрсетілді. Алдағы уақытта эндокринология, неврология және гастроэнтерология салаларында жаңа компетенция орталықтарын ашу жоспарлануда.

Аурухана жұмысының маңызды бағыттарының бірі – жаңа медициналық технологияларды енгізу және шеберлік сыныптарын өткізу. 2024 жылы 14 түрдегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде тамыр хирургиясы мен жалпы хирургия бар, сонымен қатар 310-дан астам телемедициналық консультация жүргізілді, олардың 2000-ы ауыл тұрғындарына ұсынылды.

2026 жылы ауруханада телемедициналық орталық ашу және қала ауруханалары немесе жоғары медициналық колледж базасында симуляциялық орталық құру жоспарлануда.

Медициналық кадрларды нығайту да маңызды бағыттардың бірі. 2024 жылы ауруханаға 8 жаңа дәрігер, оның ішінде 4 жас маман қабылданды. Сонымен қатар, резидентура бағдарламалары арқылы дәрігерлерді даярлау жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы 15 дәрігерді, 2026 жылы 10, ал 2027 жылы 59 маман дайындау жоспарлануда.