Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов кардиохирургия, хирургия және қабылдау бөлімдеріне кезекті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ем қабылдап жатқан пациенттермен тілдесіп, олардың жай-күйін білді.
Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарын қарап шығып, қызметкерлерге ол бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасына назар аудару керек екенін жеткізді.