✅Осындай ыстықта күн өту қауіпі өте жоғары. Мұндай жағдайда адам өзін нашар сезініп, басы ауырады.
✅Жалпы, күн өтудің үш деңгейі бар:
✅Жеңіл – зардап шеккен адамның бойында әлсіздік болып, бас ауырады, жүрегі айниды. Сондай-ақ жүрегі қатты соғып, көз қарашығы ұлғаюы мүмкін.
✅Орта – адамның аяқ астынан дене қызуы көтеріледі, басы ауырып, жүрегі айниды, басы айналып, құлағы шыңылдайды.
Сонымен қатар жүріс-тұрысы бұзылып, көзі қарауытады, есінен танып, мұрнынан қан кетуі де мүмкін.
✅Ауыр – аяқ астынан асқынады. Зардап шеккен адамның беті ысып, қызарады да, артынша сұрланады.
✅Бет терісі мен шырышты қабықтары сұрғылт-көк түске немесе қою көкке боялады. Бұл қан айналымының бұзылғанын білдіреді. ✅Дене температурасы 41-42 градусқа дейін көтеріледі. Осы күйде зардап шеккен адам галлюцинация көріп, сандырақтауы мүмкін. Есінен танып, тіпті комаға да түсуі мүмкін.
✅Жеңіл және орта белгілері бар адамды горизонтальді бағытта жатқызып, аяғын көтеріп, денесін және басын суық суға малынған орамалмен орау қажет.
✅Салқын су ішкізіп, бөлмені желдету қажет. ✅Күн өтудің ауыр белгілері байқалған жағдайда, дереу дәрігер көмегіне жүгіну қажет.