Қала тұрғындарына ақпарат

Жарияланған күні: 2025-09-02

Құрметті қала тұрғындары!

 

Облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілігі 2025 жылдың 3 қазаннан бастап Айтиева көшесі жағынан аурухана аумағына кіру жабылатының хабарлайды.

 

Аталған бөлік енді тек жаяу жүргіншілер мен шұғыл қызметтерге (жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция) арналады. Тиісті жол белгілері орнатылады.

Бұл өзгеріс науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шұғыл көмек көрсету қызметтерінің кідіріссіз кіруі үшін жасалып отыр.

Енді ауруханаға кіретін жаңа жол – Төле би көшесі жағынан орналасқан. Ол жерде автотұрақ орындары қарастырылған.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Аурухана әкімшілігі.