Ақ халатты абзал жандарға алғыс!

Жарияланған күні: 2025-05-16

Ақ халатты абзал жандарға алғыс!

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған ұжымға шын жүректен алғысымды білдіремін. Әсіресе нейроинсульт бөлімінің тәжірибелі мамандарына, Айгүл Әскерқызы бастаған білікті дәрігерлерге алғысым шексіз. Сондай-ақ, науқастарға ерекше мейіріммен қарап, бар ықыласын арнайтын реабилитолог дәрігер — Камшат Аллашүкірқызына ризашылығымды білдіремін. Оның қамқорлығы мен жан жылуы әрбір емделушіге үміт сыйлайды.

Массажист Роза Кенжебекқызының да еңбегі зор. Жатып қалған ауыр науқастарды аялы алақанымен емдеп, өмірге деген сенімін оятудағы еңбегі ерен.

Осы мекемеде қызмет ететін барлық ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымды білдіре отырып, әрдайым аман болуларына, ел игілігі жолындағы еңбектерінің жана беруіне тілектеспін.

Тілек білдіруші – Меркі ауданының тұрғыны, пациент Гүлшат Макишева