Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл күн – мейірім мен сұлулықтың, нәзіктік пен күш-жігердің үйлесім тапқан ерекше мереке.
Онда аурухананың бас дәрігері Марат Жұманқұлов нәзік жанды аруларды құттықтап, олардың денсаулық сақтау саласындағы еңбегін ерекше атап өтті. Ол әйелдердің тек мейірім мен жанашырлықтың ғана емес, үлкен жауапкершілік пен кәсібиліктің символы екенін айтып, оларға зор денсаулық, отбасылық бақыт және кәсіби табыс тіледі.
Мерекелік кеш әсем әндермен жалғасып, онда ақ халатты абзал жандарға арнап арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Барша аруларды 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жандарыңыз сұлулық пен мейірімге, өмірлеріңіз қуаныш пен бақытқа толы болсын!