Конституция – Тәуелсіздігіміздің тұғыры Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің ең басты құжаты, мемлекетіміздің Ата заңы. Ол 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Осы күннен бастап 30 тамыз – Қазақстан халқы үшін ерекше мерекеге айналды.
Конституция – елдің дамуы мен тұрақтылығының кепілі. Онда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, демократиялық құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бекітілген. Әрбір қазақстандық осы Ата заңды құрметтеп, оның талаптарын орындауға міндетті.
Бүгінгі таңда Конституция қоғамдағы келісім мен бірліктің, ұлтаралық татулық пен бейбітшіліктің негізіне айналып отыр. Ол біздің болашаққа нық сеніммен қадам басуымызға жол ашады.
30 тамыз – Мемлекеттік мереке Конституция күні, Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасында ұйымдастырылған мерекелік салтанатты жиналысты Қазанғапова Гүлнұр Қалдыбекқызы - бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары ашты.
Бас дәрігердің орынбасары еңбек озаттарына келесі қызметкерлерді марапаттады:
«Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалының «Құрмет Грамотасы» - Ақниязов М.Т., Каримбекова Ш., Беркинбаева Ж.О., Абдраимова А.Ж., Жанқоразова Ә.Ш.,
Тараз қалалық мәслихатының «Құрмет Грамотасы» -Тлеулі Ә.А., Құрақбаева Қ.Б.,
Жамбыл облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет Грамотасы»-Сатыбалдиева Г.С., Байгонысова Г.М., Батырбеков Р.М., Байдешова Н.С., Белхожаева А.Д.,
Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатына»- Кулбаева С.Ж., Рыскулбеков К.К., Үкібай З.А., Жармухамбетова Г.Б., Дженышбаев Н.Б., Ниязымбетова Ж.У.,
«Qaz Med» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының Құрмет -Ускембаева А.К., Бурабаева А.Ә., Кадырова Б.Р., Кабулова М.С., Орымбаева З.Қ., Бакибаева Ф.Р., Нупбаева Г.Б., Ерғара А.Қ.