ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш, әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.
30 тамыз – Мемлекеттік мереке Конституция күніне орай Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасында ұйымдастырылған мерекелік салтанатты жиналысты Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сабыр Оспанұлы ақ батасымен ашты. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Казанғапова еңбек озаттарына «АМАNАТ» партиясы Жамбыл облысы филиалының «Құрмет Грамотасын» Баймаханбетова Ж. Исабекова К.О. Тараз қалалық мәслихатының «Құрмет Грамотасын» Тажбенов М. С., Малаева Б. А. және 9 қызметкерге «Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» әкімшілігі және бастауыш кәсіподақ ұйымының Құрмет Грамотасын тапсырды.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Туребекова бірқатар кәсіподақ мүшелерін «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының «Құрмет Грамотасымен» марапаттап, сыйлықтар берілді.Мерекелік жиналыс музыкалық бағдарламамен ұласты.