18 наурыз – «Ұлттық киім» күні

Жарияланған күні: 2024-03-18

18 наурыз – «Ұлттық киім» күні

Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде.

Осыған орай Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының қызметкерлері ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында апта басын қазақы ою-өрнекпен безенген камзол, шапан киіп бастады.

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.

Әз-Наурыз құтты болсын!