16-желтоқсан- ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының бас дәрігері М.Джуманкулов бірқатар еңбек озаттарына марапаттар тапсырды.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Таубаева Б.А., министр А.Әлназарованың «Алғыс» хатымен нейроинсульт бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Әскерқызы Момуналиева марапатталса, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облысы филиалының төрағасы Н.О.Махашов кәсіподақ тарапынан ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін Бас мейіргер Көпжасарова Марфуға Калдасбекқызына тапсырды.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.



