12-мамыр Халықаралық мейіргерлер күні

Жарияланған күні: 2025-05-14

«12-мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне» орай Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасында мерекелік іс-шара өтті.

 Салтанатты жиында бас дәрігер М.С. Джуманкулов еңбек озаттарына мынадай марапаттар тапсырды. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» - Құндыз Тұрсынқызы Жунисалиева, Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Алғыс хатымен» және «Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Шарапат» төсбелгісімен Гүлсара Моллакалиқызы Қуантаева , Ұлттық Медициналық Ассоциациясының «Мейірім» медалімен Усенбаева Куланда Мейрамовна, Кенжешова Гульдариха Амантаевна, Капалбаева Бахыт Жунетбаевна, сонымен бірге Жамбыл облысының және ЖО денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен»Тараз қаласы мәслихатының, Аманат партиясының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы филиалының төрағасы Н.Махашев «Құрмет грамотасымен» Облыс тұрғындарының денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі мен кәсіподақ қозғалысын нығайтудағы белсенділігі үшін бірқатар мейіргерлерді марапаттады. Кәсіподақ ұйымы марапатталған мейіргерлерге сыйлықпен гүл тапсырды.