12 қазан — Дүниежүзілік артрит күні.

Жарияланған күні: 2025-10-12

Бұл күн буын ауруларының алдын алу, ерте анықтау және емдеудің маңыздылығын еске салады.

Артрит тек физикалық емес, рухани төзімділікті де талап ететін ауру.

Біздің мақсатымыз — әр науқастың өмір сапасын арттыру, қимыл еркіндігін сақтау және денсаулыққа деген сенімді нығайту.

Артритпен күрес күніне орай Жамбыл облыстық ревматология орталығымызда ашық есік күні аталып, науқастарға қабылдау жүргізіліп, капилляроскоп және денситометр апаратымен зерттеу жүргізілді және түсіндіру хабарламалары таратылды.

Жалпы 20 науқасқа кеңес жүргізіліп, 15науқасқа денситометр апаратымен сүйек тығыздығы анықталды, 5 науқасты капиляяроскопка түсіру арқылы, 2 науқасқа диагноз қойылып, 2 науқас шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Барлық артритпен күресіп жүрген жандарға күш-қайрат, шыдамдылық және саулық тілейміз!

Денсаулығыңыз мықты, қимылыңыз еркін болсын! ????

???? Жамбыл облыстық ревматология орталығы:

“Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты қамқорлығымыз.”