Рентген бөлмесінде жоғары мамандандырылған кеңес беру-диагностикалық көмек толық көлемде көрсетіледі.
Рентгенологиялық зерттеулерді замануи әдістемелер мен сандық технологияларды қолдана отырып, замануи жабдықтарда жүргізеді.
Демалыс және мерекелік күндерде, түңгі және кешкі уақытта шұғыл түрде түскен науқастарға рентгенологиялық зерттеулерді кезекші топтың қызметкерлері жүргізеді.
Рентгенография рентгенологиялық зерттеудің кең таралған және ең информативті әдістемелердің бірі болып табылады. Бұл әдістеме, рентгеноскопия тәрізді, әрбір анатомиялық бөліктің кескінін көрсетеді. Әрбір рентгенологиялық тексеруді шолу рентгенографиясынан бастайды. Сондықтан ол негізгі, жалпы рентгенологиялық зерттеулерге жатады.
Рентгенологиялық бөлімшесінде жүргізілетін медициналық тексерулер:
- кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы
- кеуде қуысы органдарының томографиясы
- ішперде қуысының рентгенографиясы мен рентгеноскопиясы
- асқазан-ішек жолдарының рентгенографиясы мен рентгеноскопиясы
- дуоденография
- екі мәрте контрасттаумен жүргізілетін ирригоскопия
- жіңішке ішек бойынша баримен жасалатын пассаждың рентгенографиясы
- омыртқаның, құйымшақтың мойын, кеуде, сегізкөз-бел бөлігінің рентгенографиясы
- функционалдық сынамалармен омыртқаның, құйымшақтың мойын, кеуде, сегізкөз-бел бөлігінің рентгенографиясы
- жамбас сүйектерінің рентгенографиясы
- қан тамырларының рентгенографиясы
- бассүйектің ренгенографиясы
- түрік ершігінің рентгенографиясы
- самайлық сүйектің, самайлық-жақтық буынның, емізік тәрізді өсіндісінің рентгенографиясы
- аяқтардың, қолдардың рентгенографиясы
- фистулография
- көктамырішілік (экскреторлық) урография