Госпитальдық фармация бөлімшесі

Бөлім меңгерушісі  -Ақылбайқызы Қуралай, клиникалық фармаколог

   

Фармацевт – Жанисбекова Мөлдір Нурланқызы

Аға медбике  – Дәулетбаева Ляззат Ферментаевна

Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет госпитальдық фармация бөлімшесі (ГФБ) ашылды.

Госпитальдық фармация бөлімшесі Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дербес құрылымдық клиникалық бөлімшесі болып табылады.

 Негізгі мақсаттары:

- стационардағы дәрі-дәрмектерді сауатты басқару;

- науқастарға дәрі-дәрмек жеткізу жүйесін цифрландыру;

- дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу. Мұнда жіберілген дәрілердің саны автоматты түрде бақыланады, бұл бұл бөлімшенің ерекшелігі болып табылады;

- медициналық дәрі-дәрмек шығындарын үнемдеу, сонымен қатар дәрі-дәрмектерді дұрыс тағайындамау мен емдеу қатерлерін азайту;

- клиникалық және экономикалық тиімділікке, дәрілік терапияның қауіпсіздігіне қол жеткізу;

- медициналық көмек сапасын және емдеу нәтижелерін жақсарту үшін дәрілік құралдарды ұтымды пайдалану.

ГФБ стационарлық көмек көрсетеді және дәрілік құралдарды (ДҚ) және медициналық бұйымдарды (МБ) қолдануды тиісті түрде басқаруға жауапты болып табылады. Бұл үдеріс ДҚ мен МБ-ны ГФБ-ға келіп түскен сәттен бастап, науқастың дербес қолдануына дейінгі аралықты қамтиды, сондай-ақ дәрілік құралдарды ұтымды пайдалану саясаты аясында стратегиялық жоспарлауды жүргізеді.

Бөлімше бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының бақылауында болып, ДҚ-ны ұтымды пайдалануды және науқастар мен медициналық персонал үшін олардың токсикалық әсерін азайту арқылы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

       Негізгі міндеті:

дәрігерлердің тағайындаулары бойынша дәрілік құралдарды уақытылы және сапалы дайындау және бөліп салып орау, сонымен қатар оларды аурухананың клиникалық және параклиникалық бөлімшелеріне жеткізу.

             ГФ бөлімшесінің құрылымы мен штат саны бекітілген контингентке стационарлық көмекті ұйымдастырудың қолданыстағы стандарттары, ақылы негізде, шарттық негізде медициналық қызметтерді ұйымдастыру стандарттары негізінде, сондай-ақ Тегін медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік қоры мен міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде айқындалады.