Магниттік-резонанстық зерттеу бөлмесі

Хайрединова  Софья Борисовна —МРТ кабинетінің  жауапты дәрігері,  жоғары санатты

Дауренбаева Гүлнур Сейсенқызы- екінші санатты дәрігер-рентгенолог  

Магниттік-резонанстық зерттеу (МРТ) – адам денесінің түсірілімін түрлі жазықтықтарда жасайтын замануи диагностиканың түрі.

Зерттеулер «MAGNETOM 1.5 Tл» магниттік-резонанстық томографында жүргізіледі.

Жұмсақ тіндердің патологияларын анықтау үшін тізелік, шынтақтық, сирақ-аяқ, кәріжіліктік-білезіктік буындардың, қолдардың, аяқтардың МР-зерттеулері жүргізіледі.

МР-зерттеу аппараты- жоғары технологиялық диагностикалық кешені болып табылады. Түрлі бұрыштар арқылы адам денесінің ішкі құрылысын қарап, ағзадағы үрдістерді  объективті бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен, зиянсыз магниттік өріс қолданылады.   Жоғары сапалы суреттер түрлі аурулардың ерте диагностикасын жасап, адам ағзасындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, магниттік-резонанстық зерттеулер жүйке жүйесінің (мидың, жұлынның МР зерттеуі), жұмсақ тіндердің патологиялық өзгерістерінің

(бұлшықеттерді, байламдарды, тамырларды және нервтерді көруге мүмкіндік береді) диагностикасын жүргізудің зиянсыз әдісі болып табылады.

Магниттік-резонанстық зерттеулерге дайындалу

Науқастың киімінде металлдан жасалған әшекейлер болмауы тиіс. Адамның денесінде құрамында металл кіретін түрлі заттар болмау тиіс – зергерлік бұйымдар, шпилькалар, сағат, алқа, құнды заттар, түйрегіштер. Металлдан жасалған заттар магниттік өріске әсер етіп, суреттердің сапасына әсер тигізу мүмкін. Сонымен қатар, магниттік өріс электрондық заттарға зиян келтіреді.

Бастағы парикті, алмалы-салмалы тіс протезін, есту аппаратын, көздегі линзаларды шешіп қою қажет!

Магниттік-резонанстық зерттеу бөлмесінде ұялы телефонмен пайдалануға тыйым салынады!

Магниттік-резонанстық зерттеулерді кімге жүргізуге болмайды?

Магниттік-резонанстық зерттеулер келесі жағдайларда жүргізілмейді:

–          денеде ырғақтықтың жасанды жүргізушісі болса;

–          денеде периорбиталдық металлмагниттік бөгде заттардың болуы;

–          бас сүйектің ішінде металлмагниттік гемостатикалық клипстердің болуы;

–          тамырішілік фильтрлердің болуы;

–          жүрек қақпақшаларында стенттер мен протездердің болуы.

Денеңіздегі буынның металл протезі, жасанды жүрек қақпақшасы, енгізілген электр құралдары, ортаңғы   құлақтың электрондық импланттары немесе тіс импланттары туралы зерттеуді жүргізетін дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз!

Жұмыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін,   8 (7262) 45-64-89 телефоны арқылы зерттеуге жазыла аласыз.