Облыстық көпбейінді аурухананың физиотерапия бөлімшесі №3 емдеу ғымаратының, 1-қабатында орналасқан.
Бөлімше меңгерушісі – Иманмусаева Гүлназ Киргабаққызы
Аға мейіргер– Саржанова Қымбат Алимжанқызы
Физиотерапия бөлімшесі келесі қызмет көрсетеді: физиотерапия, емдік дене шынықтыру (ЛФК), массаж кіреді және ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде стационарлық деңгейде науқастарға оңалту, сондай-ақ ақылы негізде амбулаториялық науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсетеді.
Бөлімшеде келесі емдеу түрлері жүргізіледі: гальванизация, электрофорез, импульстік дарсонвализация токтары, магнитотерапия, УВЧ, СВЧ-терапия, ультрадыбыстық терапия, лазерлік терапия, соққы-толқынды терапия, массаж;
Бөлімше физиотерапияның барлық салалары бойынша қажетті аппараттармен жабдықталған. Қазіргі уақытта бөлімшеде физиотерапиялық аппарат жұмыс істейді: электротерапия-5000, ультрадыбыстық терапия аппараты, магнитотерапия аппараты, соққы-толқынды терапия аппараты, ревматологиялық кешен, оның құрамына лазерлік терапия, магнитотерапия, электро-ультрадыбыстық терапия және соққы-толқынды терапия (УВТ) кіреді.
Науқастардың жағдайына және дәрігердің тағайындауына байланысты палаталарда электрофорез, магнитотерапия, массаж, импульстік токтар, лазерлік терапия қолданылады.
2024 жылы енгізілген жаңа әдістер: толқынды терапия (УВТ) пяточная шпора және омыртқа жарығы кезінде кеңінен қолданыла бастады; магнитотерапия қант диабетімен ауыратын науқастарда полинейропатия кезінде қолданылуда.
Емдік дене шынықтыру (ЛФК) кабинеті физиотерапия бөлімшесінің құрылымдық бөлігі болып табылады. ЛФК науқастарды емдеу үшін дене жаттығуларын қолданады. Жаттығулар науқастың төсегінде және клиникалық бөлімдердің фойесінде жүргізіледі.
2024 жылы орындалған жұмыстар: емдік гимнастика процедуралары бөлімшеде және науқастардың төсегінде өткізілді, ота алдындағы және кейінгі кезеңде тыныс алу гимнастикасы жүргізілді, жалпы сауықтыру және емдік дене жаттығулары ұйымдастырылды.
Бөлімшеде тәлімгерлік жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ адамның физикалық дамуы, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша конференциялар мен консультациялар, кеңестер өткізіледі. Бұл жұмыстар науқастар мен олардың туыстарына арналған.