Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында атеросклероз апталығының аясында «Ашық есік» күні өтті.
Қаланың әр емханасынан келген және ауруханадағы нейроинсульт, эндокринология бөлімшелерінің науқастары Жамбыл облысының штаттан тыс кардиологы Р.М.Жубандыковадан, атеросклероз бойынша бас координатор, липидолог Г.А.Камбаровадан кеңес алды.
Қабылдау барысында науқастарға липидтік спектрді анықтау, қадағалаудың маңыздылығы түсіндіріліп, ұсынымдар берілді.