Ауруханаға шұғыл және жоспарлы жатқызу ережелері

Госпитализация ережелері.

 

Госпитализация екіге бөлінеді:

  1. Жоспарлы (плановая) – алдын ала жазылып, тексерулер нәтижесінде ауруханаға жатқызылады.
  2. Шұғыл (экстренная) – өмірге қауіп төнген жағдайда жедел жәрдем арқылы немесе өз бетінше келіп жатқызылады.

Пациенттерді қабылдау және тіркеу жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде қабылдау бөлімшесінде пациенттерді қабылдау және тіркеу өтініш берілген сәттен бастап 60 минут ішінде ұйымның бекітілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.

Жоспарлы госпитализация ережелері:

- Емдеуші дәрігердің жолдамасы болуы керек (формасы – 057/у);

- Жеке куәлік;

- Міндетті тексерулер (қан, зәр, флюорография, ПЦР және т.б.) нәтижелері;

- Пациент "Госпитализация бюросы" порталы арқылы тіркеледі;

- Госпитализация күні туралы SMS-хабарлама беріледі;

- Пациент белгілі күні ауруханаға келеді.

  Шұғыл медициналық көмек тәулік бойы көрсетіледі. Қабылдау бөлімінде көрсетілімдер бойынша консилиум ұйымдастырылады. Толық тексеру және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда пациент бейінді бөлімшеге жатқызылады.

     Медициналық авиацияның мобильді бригадасы жеткізген пациент Денсаулық сақтау ұйымы басшылығының алдын ала хабарламасы бойынша бейінді бөлімшеге жатқызылады.

Шұғыл госпитализация ережелері:

- Жедел жағдайларда дәрігердің шешімімен;

- Құжатсыз да қабылдануы мүмкін (егер науқас ес-түссіз болса);

- Диагноз қойылып, жедел көмек көрсетіледі;

- Құжаттар кейін рәсімделеді.

 

Медициналық сұрыптау ережелеріне сәйкес пациенттердің 3 тобы бөлінеді:

  • бірінші   топ(қызылаймақ)– жағдайы өміргетікелейқауіптөндіретіннемесенашарлауқаупіжоғарыжәнешұғылмедициналықкөмекті қажет ететін пациенттер;

 Біріншітоптағыпациенттерге(қызылаймақ)жеделмедициналықкөмекқарқындытерапияпалатасынемесеоперациялық бөлме жағдайында көрсетіледі.Жағдайдытұрақтандыру кезінде олар ОАРИТКЕнемесебейіндікбөлімгеауыстырылады.

  • екінші   топ(сарыаймақ)- жағдайы денсаулыққа ықтималқауіптөндіретіннемесешұғылмедициналықкөмектіқажет ететін жағдайдыңдамуыменілгерілеуімүмкінпациенттер;

  Екінші топтағы пациент (сары аймақ) медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен диагностикалық палатаға жатқызылады. Динамикалық бақылау қажет болған жағдайда пациент диагностикалық палатада 24 сағатқа дейін болады. Осы кезеңде шұғыл емдеу-диагностикалық іс-шаралардың толық көлемі жүргізіледі. 

  • үшінші   топ(жасылаймақ)– жағдайы өмірменденсаулыққатікелейқауіптөндірмейтінжәне ауруханаға жатқызудықажет етпейтін пациенттер.

  Үшінші   топтағы пациент (Жасыл аймақ) қабылдау бөлімшесінің қарау кабинетіне жіберіледі. Тексеру кабинетінде емдеу тактикасын одан әрі айқындай отырып, диагноз қойылғанға дейін емдеу-диагностикалық іс-шаралардың қажетті көлемі жүргізіледі.      Қабылдау бөлімшесінің дәрігері емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізгеннен кейін пациенттің жағдайына қайта бағалау жүргізеді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

 1) науқасты амбулаториялық емдеуге жібереді;

2) стационардың бейіндік бөлімшесіне жатқызады;

3) басқа медициналық ұйымға ауыстырады.