Эндокринолог Ким Нелля Ивановнаның 75 жасқа толған мерейтои

Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен дәрігер -эндокринолог Ким Нелля Ивановнаның 75 жасқа толған мерейтойын ұжымда атап өтті. Жамбыл облысы халқының денсаулығын жақсартуға еңбегін сіңірген дәрігерді бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Оспанов “ Тараз қаласының ардагері” медалімен марапаттады. Әріптестері Нелля Ивановнаны мерейліжасымен құттықтап ұстаздарына алғысын айтты. Ардагер дәрігер Ким Н.И. ұжым қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.