2013 жылы облыстың көне және бас емдеу мекемесі – Жамбыл облыстық ауруханасына 140 жыл толады. Ал, оның тарихы былай басталған еді:
1873 жылы, Аулие-Ата уезінде, жалға алынған ғимаратта алғашқы қабылдау бөлімі ашылды. Денсаулық сақтаудың тарихы 6 аурухана төсегінен, дәрігерден, фельдшерден және босануға жәрдем беретін әйелден басталған. Сол кездерде, медициналық қызметкерлерге аурулармен ғана емес, халықтың жаппай білімсіздігімен де күресуге тұра келді.
1920 жылы ҚСРО құрамына кірген, Автономды Қырғыз Совет Социалистік Республикасы құрылды. Дәл сол кезде, Үкіметпен қатар, республиканың денсаулық сақтау комитеті де құрылды.
Эпидемиялар мен ашаршылықпен күресу жағдайында медициналық қызметі құрылып, нығая бастады. Автономия бойынша, сонымен қатар Аулие-Ата уезінде де ауруханалар, дәріханалар, денсаулық пункттері, дәрігерлер мен фельдшерлер, акушерлер жетіспейтін. Мұрағаттық мәліметтерге сәйкес, 1920 жылы уездде 7 дәрігер, 34 фельдшер, 9 акушер, тіс дәрігері, мейірім бикесі, провизор және 2 фармацевт медициналық қызмет көрсеткен. Шаповаловка, Луговое, Ново-Ивановка және Грозное ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттері қызмет көрсетті, ауруханалар тек Аулие –Ата мен Меркіде болған. Ал, дәрігерлік амбулаториялар Қарабалта және Дмитриевка ауылдарында жұмыс істеді.
952 науқасқа стационарлық көмек көрсетілген, ал, 23 453 науқас амбулаторлық емдеуден өтті. Ауруханадағы төсек орны 180 құраған еді, оның ішінде 50 – ауылда еді.
1921 жылдың ақпан айында уезде «Бала апталығы» өткізілген еді. Апта барысында қараусыздықпен күресу және балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту мәселелері қаралып, шешілген. «Ашаршылықтан зардап шеккендерге көмек» уездік комитетінің жанында балалар комиссиясы құрылды.
Материалдық қиындықтарға қарамастан, уездегі жүкті әйелдерді мануфактурамен қамтамасыз ету мақсатында олардың тіркеуі жүргізіле бастады. Медициналық қызметкерлер ауылдардың, қалалардың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды, инфекциялық аурулар мен эпидемияларды төмендету шараларын, егулерді үздіксіз жүргізді. Сонымен қатар, халыққа емдік-алдын алу көмек көрсету мен тұрғын мекен-жайларда моншалар және су жүйелерін орнатуымен айналысқан.
1922 жылы Аулие – Атада алғашқы әйелдер амбулаториясы ашылды. Осы кезеңде, барлық жерлерде ана мен сәбиді қорғау апталары өткізіле бастады: санитария, гигиена, өскелен ұрпаққа тәрбие беру мәселелері бойынша дәрістер ұйымдастырылды. Уездің көшпелі аудандарында ана мен сәбиді қорғауды наситтау жұмыстарында басты рөлді «қызыл киіз үйлер» атқарды. Бұл жерде түрлі үйірмелер жұмыс жасайтын, медициналық кеңестер берілетін, әйелдердің құқығы жөнінде дәрістер оқылатын.
1927 жылдың 6 маусымында Қалалық дәрігерлік амбулаторияда пастеров кабинеті ашылды. Оның меңгерушісі болып дәрігер А.К.Паршин тағайындалған. Қазан айынан бастап, қалалық ауруханада түңгі жедел жәрдем қызметі ұйымдастырылды.
Облыстың алғашқы хирургі Иван Нилович Промонтов Аулие –Ата қалалық ауруханасында 1921 жылдан бастап 1938 жылға дейін қызмет атқарды. И.Н.Промонтов кеуде құысының жіті ауруларына, түрлі жарақаттануларға ота жасаған. Сонымен қатар, дәрігер Юрий Маркович Симпсонмен бірге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсеткен. Дәрігер Промонтов медициналық мамандардың дайындығына үлкен назар аударатын. И.Н.Промонтов – медбикелер курстарын ұйымдастырушысы мен алғашқы оқытушысы. Бұл кісі, білікті маман, белсенді дәрігер және мейірімді жан ретінде байырғы қала тұрғындардың есінде қалды.
1934 жылы Аулие-Ата қаласында алғашқы безгек станциясы жұмыс атқара бастады. Безгек станциясын И.П.Павлов атындағы Мәскеу медициналық институтының түлегі Агния Кириловна Попова- Дюрягина басқарды. Агния Кириловна Попова- Дюрягина басқарған дәрігер-инфекционисттер үздіксіз жұмыс жасайтын, эпидемиялық ауруларды жеңу мақсатында өз өмірлерін сарып өтті. 1934 жылы уездде бөртпесүзек эпидемиясы пайда болды. Науқастарды құтқару барысында дәрігер А.К.Паршин, фельдшерлер Г.Агрейтер және А.Волков осы аурудың құрбандары болды. Ерліктері ел есімінде мәңгі болсын дейміз.
1960 жылға дейін қала және ауыл науқастары емделген Жамбыл облыстық ауруханасының бірінші ғимараттары
Облыстық аурухананың бірінші бас дәрігерлері И.Промонтов (1921-1938) және Р.Ш.Ермекова (1941-1944)
Жылдар өтті. 1939 жылы ірге тасы қаланған Жамбыл облыстық ауруханасы 2000 жылы аурухана ауласында жаңа көп қабатты ғимараттар бой түзеп, көлемі мен төсек саны ұлғайып, көптеген жаңа мамандандырылған жеке бөлімшелер ашылды. 16клиникалық және 8 парклиникалық бөлімшелерде төсек саны 500 төсекке дейін жетті. Аурухананың құрамына офтальмологиялық емхана, кардиологиялық және эндокринологиялық орталықтар кірді.
Аурухана қызметкерлері өздерінің жұмыстарына ерекше көңіл бөліп, ауыр кезеңді уақытпен санаспай жанқиярлық еңбектерімен жеңе білді. Көп ұзамай, облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы да нығая бастады. Яғни, 1966 жылы 2 қабатты терапевтикалық корпусы бой көтеріп, ал, 1968 жылы жаңа ас дайындау блокы пайдалануға берілді, 1969 жылы – екінші 3-қабатты терапевтикалық ғимарат бой түзеді, 1977 жылы Пушкин көшесінің бойында облыстық кеңес беру емханасының ғимараты да бой көтерді (қазіргі кезде ОКБДМО орналасқан).1982 жылы 4-қабатты қазіргі замануи хирургиялық корпусы соғылды, ал, 1988 жылы – Абай көшесінің бойында офтальмологиялық орталығы пайда болды.
Бөлімшелер жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Еліміздің медициналық ұйымдар арасында ескілердің біріне жаңа технологиялар келді. Кеуде құысы органдарының аурулары мен жарақаттануларын емдеу барысында абдоминалдық хирургияда лазерлік скальпелі 1983 жылдан бастап қолданылады- С.О.Ордабеков, К.А.Усенов.
1986 жылы рентгенологиялық ретроградтық холангипанкреатографиясы енгізілді ( жарық экранға объекттің түсуімен, эндоскоптың көмегімен кейбір ішкі органдардың тексеруін рентгендік сәулесіне түсумен қиыстыратын әдіс)- Е.К.Алимов, Н.А.Батырбеков.
1984 жылы емдеу практикасына енгізілген эндоваскулярлық хирургияның бас ерекшелігі, – ол арнайы рентген операциялық бөлмеде, рентген бақылаумен жасалатын барлық хируртың қатысулары еш бір кесусіз, тек терідегі кішкентай тесулер (1-4мм диаметрлі құралмен) арқылы жасалуы болып табылады.
Профессор Сейтхан Джошыбаевтың басшылығымен жүректің митралдық кемістігіне кардиохирургиялық оталар облыста алғашқы рет 1991 жылы жасалды. Аритмиялар кезінде кардиостимуляторлардың имплантациясы жылдар бойы облыс дәрігерлерімен жасалып келеді.
Асқазанның қатерсіз ісігіне эндоскопиялық оталар жасау әдісі меңгерілді. Оталар диаметрі 0,5 см кішкентай тесулер арқылы жасалады. Эндоскопиялық хирургия тіндердің жарақаттануын, ауруды сезуді төмендетеді және отадан кейін стационарда болу мерзімін қысқартады. Науқастың денесінде отадан кейінгі тыртықтар да қалмайды.- Г.Г.Таблер, Е.М.Буркитбаев, В.В.Ким.
Социалистік еңбек каһарманы, академик Н.Н.Малиновский және Мәскеу қаласындағы Орталық клиникалық ауруханасының қызметкерлері Облыстық аурухана қызметкерлерінің арасында ( облыстық аурухананың бас дәрігері А.Р.Қайназаров, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі А.С.Овсянников, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі А.Абрамович, дәрігерлер А.Салманов, Т.Степанова және басқалар) (1973.
Адам ағзасына ең аз шамада араласумен, бауырда пайда болатын құыстарға жасалатын пункциялық оталар 1992 жылдан бастап жасалып келеді- С.О.Ордабеков, С.Ж.Онғарбаев.
1980 жылдың 1 шілдесінде ауруханада 30 орынды қан тамырлық хирургия бөлімшесі ашылды. Бөлімше меңгерушісі қызметіне медицина ғылымдарының кандидаты Темірбек Мадиярұлы Жайнақбаев тағайындалған. Бөлімше ординаторлары: Абдухалил Мусаев, К.П.Иониди, Г.М.Маткаримов. К.П.Иониди А.Мусаев бөлімшені басқарған еді. Дәрігерлер қолқаларға, перифериялық артериялар мен веналарға ота жасайды. Қолқа мен артериялардың рентгендік зерттеуі, цирроз, өңештік қан кету кезінде бауыр мен көкбауырдың қан тамырларының эмболизациясы (таңдаулы тығындалуы), варикоцелле (атабез және енбау тамырларының кеңеюі) жүргізіледі. Эндоваскулярлық хирургия дәрігері Ерік Миноварұлы Бүркітбаев бөлімшенің материалдарында кандидаттық диссертацияны қорғап шыққан.
1974 жылы аурухана жанында 40 орынды эндокринологиялық бөлімшесі ашылды. 1984 жылы төсек орын саны 50-ге дейін жетті, 1990 жылы – 60 орын болды. 2000 жылы бөлімше 50 орынды болды.
20 жыл бойы бөлімшені облыстың алғашқы эндокринологы Л.А.Денина басқарды (1974-1994жж), 1994 – 2010жж. бөлімшені Н.И.Ким басқарды. Бөлімшеде келесі дәрігерлер қызмет атқарды: 1974-1985жж.-Л.В.Лазерова, 1974-1994жж. – З.А.Куламанова, 1974-1992жж.- К.А.Жолдыбаев, О.А.Пак, Б.И.Иманкулова, Ж.Б.Шаганбаева, Т.Ж.Кожуханов, А.А.Корпебаева, А.А. Зинуллина, Б.А.Малаева. Аға медбикелер: Ф.О.Иманбаева, В.В.Мелешихина, О.И.Панченко, К.Ш.Куттыбаева, в настоящее время – К.Ж.Амреева. А.Т.Тукенова, И.Г.Гасс, Р.Абилбекова, К.Касымова, Г.Гафурова, Г.Есалиева, Ж.Есенбаева, Т.И.Баялова, Т.С.Васильева тәрізді медбикелер туралы бөлімше қызметкерлері жақсы пікір білдіреді.. Бөлімшенің шаруа-бикелері: П.Я.Бондаренко, Г.П.Сухинина, С. Половинкина.
1972 жылы облыстық ауруханада анестезиология және жан сақтау бөлімшесі ашылды. Бұл қызметті тәжірибелі маман Лев Зинович Абрамович басқарды. 1982 жылы,облыстық аурухананың жаңа хирургиялық корпусында, бүгінгі таңға дейін қызмет атқарып келе жатқан, 13 орынды анестезиология және жан сақтау бөлімшесі ашылды.
1991 жылдан бастап 2011 жылға дейін бөлімшені жоғарғы санатты дәрігер Жомарт Қожаханов басқарып келді. Ол сол жылдары облыстық Денсаулық сақтау бөлімінің штаттан тыс бас анестезиологы болып еңбек етті. Сонымен қатар, дәрігер М.Р.Қарнақбаев, Д.М.Тленшин, А.Г.Салманов, С.К.Карасартов қызмет атқарған еді. С.К.Карасартов 1997-2002жж. бөлімше меңгерушісі қызметін атқарды. Жаңа буындағы дәрігерлер: Салыков А.С., С.П.Муратиди, Р.Н.Салихова, А.С.Жанкулов, Н.И.Кравцова.
Жан сақтау бөлімшесі облыстың емдеу-алдын алу мекемелеріне санавиация, сонымен қатар, жоспарлы кураторлық жұмысы бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік, кеңес беру-практикалық көмек көрсетеді. Ауруханада науқастарға телемедицина арқылы кеңестер беріледі.
Облыстық аурухананың жанындағы хирургиялық бөлімшесі 100 астам қызмет атқарып келеді. Айтып кеткендей, облыстың алғашқы хирургі И.Н.Промонтов болған еді. Сонымен қатар, келесі хирург-дәрігерлер де осы бөлімшеде жұмыс жасады: Г.Абдукаримов, Р.С.Ермекова, Н.Р.Пак, Н.У.Мукушев, Е.Л. Константинова, В.К.Мун, А.С.Овсянников, Р.Н.Нуров, Т.М.Жайнакбаев, К.Усенов, У.А.Ауезов, Т.Ж.Егембердиев, С.О.Ордабеков, Е.В.Богомолов, А.И.Ибах, И.О.Есчанов және т.б.
Қазіргі таңда, бөлімшені Ж.О.Рысқұлов басқарып келеді. Хирургия бөлімшесінде Б.П.Макулбеков, Т.Ш.Калтаев, В.С.Ким тәрізді тәжірибелі хирургтар қызмет атқарады.
С.А.Абдиев С.У.Тажбенов
Медициналық қызметті ұйымдастырушылардың бірі дәрігер-терапевт С.А.Абдиев еді. С.А.Абдиев жылдар бойы Жуалы аудандық орталық ауруханасында терапевт-дәрігер болып қызмет атқарды, соңынан осы аурухананың бас дәрігері болған. Обдыстық денсаулық сақтау басқармасының бас терапевті. 1977 жылы Облыстық аурухананың бас дәрігері болып тағайындалды. Ішкі патологияның барлық бөлімдерін озық меңгерген С.А.Абдиев өзінің жұмысында физиотерапевтикалық, емдік дене шынықтыруға, психотерапевтикалық және басқа да дәстүрлі емес әдістерге назар бөлетін. Өзінің жұмысына сапалы талдау жүргізе алатын қызметкер еді. Облыстың бас терапевті қызметін атқару барысында облыстың дарынды және тәжірибелі дәрігерлерін тәрбиелеп шықты: Джуванышева Т.Д., Бирзолов И.М., Сейдалина Ф.М., Тажбенов С.У., Азимханов А.А., Саурбаев Т.К., Ахметова Г.А., Сыздыкбаева Р.У., Оспанова Ж.М., Мажибаев С.С., Омарбекова С.Ж. Аталған дәрігерлердің барлығы облыстың терапевтикалық қызметінің ардагерлері, басқару қызметтерде жұмыс жасап, кеңестік қызмет атқаруда.
Өзінің көп жылдық жемісті еңбегі үшін С.А.Абдиев «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «В.И.Лениннің 100-жылдығына орай» торқалы медалімен, Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің және медициналық қызметкерлердің республикалық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісінің иегері.
1990 жылы облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бастерапевті қызметіне Сейтқасым Үсенбекұлы Тәжбенов тағайындалған. С.Ү.Тәжбенов емдік жұмысын ұйымдастырушылық жұмысымен қатар алып жүрген. Облысымыздың шалғайдағы учаскілеріне шығып, науқастарға кеңес беру жұмысын жүргізіп, дәрістер оқитын. Халық пен медициналық қызметкерлермен әңгімелесулер жүргізген. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісінің иегері. Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық атқарушы комитетінің, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. 10 жыл бойы аурухананың гастроэнтерологиялық бөлімшесін басқарды.
Неврологиялық бөлімшесінде Әзімбек Мамлеев, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігерлер К.И.Исатаев, Р.Б.Мусафирова, Ш.Садыков, К.К.Куралбаев қызмет атқарды.
Раиса Бекентаевна Мусафирова (1943-1999жж.) 1-ші Мәскеу медициналық институтында клиникалық ординатураны аяқтаған. Жылдар бойы неврологиялық бөлімшесінде ординатор ретінде, бөлімше меңгерушісі (1992-1996 жж.) болып қызмет атқарды. Үздік клиницист, мейірімді және тәртіпті азамат, білікті оқытушы еді. 2005 жылдан бастап бөлімшені медицина ғылымдарының кандидатыТургунбаева Айгуль Несипбековна басқарып келеді.
2012 жылы Жамбыл облыстық ауруханасында 997 қызметкер жұмыс атқарып келген.Оның ішінде: 186 дәрігер, 375 орта медициналық қызметкерлер. Аурухананың қызметкерлері жыл сайын 14 000-нан астам науқасқа медициналық көмек көрсетеді, оның басым көпшілігі ауыл тұрғындары.
Біз, тірі жасушалар құрамының құпиясын, генетикалық ақпарат табиғатының мәнін ғылым анықтап, түсініп жатқан керемет заманда өмір сүріп жатырмыз. Физика, химия, биологияның дамуы дәрігерлерді дұрыс диагноз қоюдың жетілдірілген техникасымен қаруландырады. Бірақ, адамның, оның мейірімді жүрегі мен қолдарының орнын еш бір техника, еш бір машина баса алмайды. Сондықтан да, біздің ұстанымыз – «біліктілік» болып табылады.
Үлкен зерттеу жұмысы жүргізілуде: ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады. Дәрігерлер мен орта медқызметкерлер мамандандыру және біліктілікті арттыру курстарынан жыл сайын өтір тұрады.
Облыстық ауруханасының базасында қаланың және аудандық медициналық ұйымдарына арналған курстар ұйымдастырылады; ғылыми-медициналық ақпараттық орталығы ашылды. Медицина бойынша диссертация қорғаған дәрігерлер ауруханада қызмет атқаруда, яғни, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сагындык Ордабеков, медицина ғылымдарының кандидаттары Абуталып Аширов, Айгуль Тургунбаева, Саги Бейсенбеков. Ұжымның екінші ұстанымы – туындаған қиыншылықтарды жұмылдыра шешу болып табылады.
2002 жылдың ақпан айында ауруханада «Штуцер» (Германия) фирмасының бейнеэндоскопиялық хирургиялық лапароскопиялық аппараты құрылды. 2002 жылы лапароскопиялық аппаратты қолдана отырып, 24 лапароскопиялық холицистэктомиялар, 4 гинекологиялық ота жасалған. Қазіргі заманғы жабдықтарда 250-ден астам кеуде құысындағы жылауықты және өтқалтасын сылып тастау оталары жыл сайын жасалады.
2009 жылы ауруханада 20 орынды кардиохирургиялық бөлімшесі ашылды. Дәрігерлер коронарография, коронарлық қан тамырлардың стенттеуін, туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістігімен ашық жүрекке оталар мен стенокардия кезінде аортокоронарлық шунттеуі жүргізеді. Бөлімшені медициналық ғылымдар кандидаты, кардиохирург Абдуталып Аширов басқарады.
2011 жылдың қазан айында, жіті коронарлық синдром кезінде көмек көрсету мақсатында, 30 орынды жаңа жедел кардиология бөлімшесі ашылды. Бөлімшені тәжірибелі кардиолог Ибадат Әмреқұлова басқарып келеді. 2012 жылы жаңа ангиограф – тамырлардың рентгенологиялық зерттеуін жүргізуге арналған аппараты құрылды.
Ресейде, Литвада, Израильде, Алматыда дайындықтан өткен дәрігерлеріміз миокард жүрек ауруы немесе жүрек талмасы бар науқастарға тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсетуге дайын: дәрігерлер жүрек қан тамырларының коронарографиясы мен стенттеуін жүргізеді. Ал, қажеттілік туындаған жағдайда – қан тамырлардың шунттеуін жүргізеді. Дәл осындай жүректің диагностикалық және оперативтік қатысулары ауруханада бұрын жүргізілмеген. Модернизация барысында қымбат және соңғы үлгідегі жабдықпен жабдықталған интервенционалдық және рентгенваскулярлық хирургия бөлімшесі ашылды. Сонымен қатар, қазіргі замануи диагностикалық аппараты –магниттік-резонанстық томографы орнатылды.
Облыстық аурухананың дәрігерлері (1973)
Облыстық аурухананың көптеген қызметкерлерінің жоғары кәсіби шеберлігі, адалдығы, абройлығы туралы айта кеткен жөн. Республикамыздың еңбегі сіңген дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері болған, аға буын хирургтары, яғни, Нагим Мукушев, Николай Пак, Алексей Овсянников, Евгения Константинова, терапевттер Евгения Пономаренко, Галина Иткина, акушер-гинеколог Амина Галеева, аурухананың бас медбикесі Зинаида Бородина қазіргі күнге дейін кәсіптік шеберліктің үлгісі болып келеді. Николай Пак, Надежда Рузавина, Түрар Сейдуманов, Азимхан Қайназаров, Алексей Овсянников, Сейтхан Абдиев тәрізді аурухананың бас дәрігерлері медициналық қызметті жетілдіру және дамыту үшін үлестерін қосқан айтулы азаматтар, облыс халқы арасында үлкен құрметке ие болған жандар еді. Аттары аңызға айналған сол әріптестерінің есімдерін ұжым қызметкерлері бүгінге дейін еске алып, жастарға олардың ерен еңбегін тәлім-тәрбие ретінде айтып отырады. 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап, аурухананы медицина ғылымдарының кандидаты Сағи Зұлфұхарұлы Бейсенбеков басқарады.
Дәрігерлер мен медбикелер арасында білгір, білікті маман ретінде елге танылып, көптің алғысына бөленіп жүрген абзал жандар аз емес. Олар: дәрігерлер А.Ш.Ибах, Ж.М.Оспанова, И.Н.Качалова, С.Оспанов, О.Досқұлов, В.А.Палеев, В.Н.Резунова, А.Б.Богенбаева, Г.М.Волосач, О.И. Герасименко, С.У.Акимбекова, Р.Н.Осадчой, Н.Е.Гуленок, А.Г.Пущаева, Л.Г.Давыдова, З.Т.Досходжаева, Г.В. Андриянова, Р.П.Ю, Ф.Н.Ахметова, Л.М.Абдуллаева, Т.К.Коломейцева, В.В.Мелешихина, А.Н.Ревякина, Е.А.Гончарук, Н.В. Липегова, Т.В. Дронова, Л.И. Рубцова, Н.Н.Терина, Г.Абуева, С.Аманжолова, А.Шүленбаева, Г.Қалдыбаева, Л.Муратиди, К.Қасмақасова, С.Оспанов, М.Исаев, В.Палеев, Б.Жаңабаев, Ж.Мырзахметова, И.Әміреқұлова, Р.Жуандықова, Ж.Рысқұлов, Ж.Қамбаров, А.Әшіров және медбикелер Ф.Айдарова, В.Атыкеева, А.Әжібекова, М.Көпжасапрова, А,Қонысбаева, Т.Аймаханова, А.Полях, А.Құралбаева, Г.Орынбаева, К.Қошқарбаева, Н.Лепенко, Б.Тұлпарова және т.б. Олар науқастарға шын көңілмен әрдайым сапалы қызмет көрсетіп, өздерінің мол тәжірибелерін жас әріптестеріне үйретіп отырады. Облыстық ауруханасының дәрігерлері мыңдаған адамдарға денсаулығын қайтарып, өмірдің әрбір сәтіне қуану мүмкіншілігін сыйлады. Бұрынғы науқастар мен олардың туыстарының алғыс хаттары осыған дәлел.
Нарықтық қарым-қатынас жағдайында, медицина саласына қойылатын жаңа талаптарға өту кезеңінде қаржыландыру жүйесі өзгерген жағдайда бәсекелестік негізі пайда болады. Осы сәтте, емдеу сапасы мен медициналық қызметтпен науқастарды қанағаттандыру -аурухана дәрігерлерінің ұстанымы (кредосы) болып табылады.
Аурухана қызметкерлері халықтың денсаулығын жақсарту деген мақсатқа қол жеткіземіз деп сенеді. Өз жұмысына берік болу, жылдар бойы жиналған тәжірибе мен дәстүрлерді сақтау осыған дәлел бола алады. Ең бастысы- мемлекеттің қолдауы, аурухана қызметкерлерінің алға, тек ғана алға жүру құштарлығы мен ХХІ ғасырдың талаптарына сай болу тілегі.
Әр жылдары облыстық аурухананың бас дәрігері болып қызмет атқарғандар:
Иван Нилович Промонотов (1921-1938 г.)
Гулам Момынович Абдукаримов (1939-1941 ж.)
Рахия Шагабудиновна Ермекова (1941-1944 ж.)
Николай Романович Пак (1944-1961 ж.)
Надежда Федоровна Рузавина (1961-1972 ж.)
Сейдуманов Тұрар Сейдуманұлы (1972-1973 ж.)
Қайназаров Әзімхан Рахимұлы (1973-1978 ж.)
Алексей Семенович Овсянников (1978-1994 ж.)
Сейтхан Абдиев (1994-1996ж.)
Қуат Құралбаев (1996-1997ж.)
Қайназаров Болатхан Әзімханұлы (1997-2011 ж.)
Бейсенбеков Сағи Зұлфухарұлы (2012-2019 ж.)
Нұржанов Абай Құралбекұлы (2020-2021 ж.)
Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы (2021-2023 ж.)
Жұманқұлов Марат Сейітбекұлы 2023ж