Терапия бөлімшесі

Бөлімшесінің меңгерушісі – Қалдыбаева Гүлнұр Базарбайқызы, жоғары санатты дәрігер.

Қалисаева Мейрамгүл Сапаркулқызы, жоғарғы санатты  дәрігер-гастроэнтеролог.

 

Терапия бөлімшесі 15 орыннан тұрады, оның ішінде – 5 терапиялық, гастроэнтерологиялық-10 бейінді орын.

Жеке санитарлық бөлмелері, жуыну кабиналары бар, жағдайы жасалған бір және екі орынды палаталар ұсынылады. Емдеу бағдарламасына сәйкес 5 мезгілді, тиімді, диеталық тамақтану қарастырылған. Дифференциалдық диагностиканы өткізумен, терапевтикалық аурулардың кең спектрін замануи деңгейде кешенді диагностикалау және емдеу мүмкіндігін беретін жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бөлімше дәрігерлерінің тәжірибесі және кең клиникалық ой-өрісі, диагностиканың салауатты әдістемесі түрлі ауруларды емдеу барысында көмек көрсетеді.

Асқазан-ішек жолдары мен қан жүйесінің аурулары бар науқастарға бөлімшеде мамандандырылған диагностикалық және емдік көмек көрсетіледі.