Медициналық оңалту бөлімшесі

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының медициналық оңалту бөлімшесі 2020 жылғы 13 қаңтардан бастап жұмыс істейді. 30 төсек орынға арналған (оның ішінде неврологиялық бейінде - 17 төсек орын, нейрохирургиялық бейінде — 3 төсек орын, кардиологиялық бейінде — 5 төсек орын, кардиохирургиялық бейінде — 5 төсек орын). Бөлімше 7 ғимараттың 2 қабатында орналасқан.

Жамбыл облыстық көпбейінді  ауруханасы Жамбыл облысының ауыл және қала тұрғындарын емдейді. 2023 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің № 65 бұйрығына сәйкес, медициналық оңалту бөлімінің негізгі міндеті — науқастар мен мүгедектердің жоғалған немесе бұзылған ағзалық функцияларын сақтау, толық немесе жартылай қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешенін көрсету.

Медициналық көмек көрсету үшін және оңалту жүргізу мақсатында медициналық оңалту бөлімшесінде мульти тәртіптік команда құрылды. Команда құрамында реабилитолог дәрігер, невропатолог дәрігер, кардиолог дәрігер, логопед, психолог, ЛФК нұсқаушысы, массажист және физиомедициналық  мейіргер  бар.

Стационардың жабдықтары: жеке реабилитация жүргізу үшін жүгіру жолы, вертикализатор-лифтер, қозғалыс тренажерлері, жүріс имитаторы, қол массажері, мантуссори, ұсақ моторика үшін заттар, белсенді және пассивті қозғалыс тренажері, электрофорез — Поток-1, магнит — Алмаг, биоптрон, электросон бар.

Медициналық оңалту бөлімінде емделетін  аурулар бейіні МӘМС ауруларының тізіміне енгізілген

Бөлім меңгерушісі — Таушан Камшат Шүкірбайқызы, 1-санатты невропатолог дәрігер.