Бөлім меңгерушісі - Керимкулов Берикбек Майрбекович.Рентген эндоваскулярлық хирург, біліктілігі жоғары санатты дәрігер.
Кардиореанимация және рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесі 2020 жылы рентгенэндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология бөлімшесінің кардиореанимация бөлімшесімен біріктірілуі нәтижесінде құрылды. Ангиографиялық зертхана 2009 жылдан бастап кардиохирургия бөлімшесінің құрамында жұмыс істеп, 2013 жылдан бастап дербес бөлімше ретінде қызмет атқарды. Кардиореанимация бөлімшесі 2015 жылдан бері жұмыс істейді.
Бөлімше Қазақстан Республикасындағы медициналық ұйымның мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше жедел және жоспарлы түрде жәрдем көрсетуге, жедел және созылмалы жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ рентгенэндоваскулярлық араласулар жүргізуге арналған.
Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Заңын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімшенің қызметі келесі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
Бөлімшенің құрылымы.
Бөлімше құрамына мыналар кіреді:
- Интенсивті терапия палаталары (8 төсек-орын) – жедел коронарлық синдромы (ЖКС), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (шиеленісу кезеңі), жүрек патологиясы бар жүкті және босанған әйелдер, өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) бар науқастарға арналған;
- Операциялық блок – ангиографиялық қондырғымен жабдықталған;
-Диагностикалық кабинеттер – электрокардиография (ЭКГ), эхокардиография, зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған.
Көрсетілетін медициналық көмектің түрлері
Кардиореанимациялық көмек шеңберінде:
Рентгенэндоваскулярлық хирургия шеңберінде:
Госпитализациялау және емдеу тәртібі
Науқастар бөлімшеге келесі жолдармен қабылданады:
Емдеу тактикасы бөлімше меңгерушісінің қатысуымен дәрігерлік консилиумда қабылданады. Отадан кейінгі кезеңде науқастар интенсивті терапия бөлімшесінде бақылаудан өтіп, кейіннен бейінді бөлімшеге ауыстырылады.
Бөлімше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі, соның ішінде:
Бөлімшенің кадрлық құрамы:
Бөлімше меңгерушісі, аға мейіргер,шаруабике
Бөлімшенің қызметі медициналық ұйым басшылығы мен бейінді қадағалау органдары тарапынан бақыланады. Ай сайын жүргізілген процедуралар мен емдеу нәтижелері туралы статистикалық есептер тапсырылады.
Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық ұйым басшысының бұйрығымен енгізіледі.