Аурухананың гинекологиялық бөлімшесі 20 төсек-орынға есептелген.
Бөлімше жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмекті жоспарлы түрде көрсетеді.
Бөлімше дәрігерлері:
Халыков Султанкали Мураткалиевич – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 15 жыл.
Аликулова Улзия Алинуровна– жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 34 жыл.
Асильбекова Эльвира Талгатовна - жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 8 жыл.
Есжанов Нуржан Кадырбергенович - жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 12 жыл.
Ахымбекова Зайра Эдиковна - жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 12 жыл.
Уракбаева Динара Куанышевна - жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 25 жыл.
Гинекологиялық бөлімше тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді. Гинекологиялық ауруларды (жатырдан тыс жүктілік, кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларының асқынған түрлері, дисфункционалды жатырдан қан кету, жатыр мен оның қосалқыларының қатерсіз ісік түзілімдері және т.б.) диагностикалау және емдеу алгоритмдері жасалған. Қазіргі заманғы диагностика және емдеу әдістері науқастардың стационарда болу мерзімін қысқартуға және хирургиялық араласудан кейін ерте оңалту жүргізуге мүмкіндік береді.
Бөлімшеде гинекологиялық ауруларды емдеудің барлық түрлері қолданылады, олар дәстүрлі әдіспен (лапаротомиялық және қынаптық тәсілдер) және эндохирургиялық операциялар арқылы орындалады:
Бөлімше 3 ғимаратта (корпуста) орналасқан.