Гематология бөлімшесі - Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының 3 корпусының 3 қабатында орналасқан. Бөлімше 15 төсек орынмен жұмыс істейді. Бөлімшеде плазма еріткіш аппарат бар.
Демекова Арайлым Қалжырбекқызы - бөлім меңгерушісі, сертификат.
Ахметжан Айнур Жақсыбекқызы - дәрігер гематолог, сертификат.
Штат кестесі бойынша - 2 дәрігер, 8 медбике, 8 кіші қызметкер жұмыс атқарады.
Қазақстан Республикасының ересек тұрғындарына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бойынша жұмыс атқарылады (ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Бұйрығы);
Бөлімше онкогематологиялық ауруға күдікті пациенттерге диагностикалық қызметтердің толық тізбесімен қамтамасыз етеді (6 негізгі зерттеу). Бөлімшеде онкогематологиялық аурулары бар пациенттерді хаттамаға сәйкес қажетті дәрілік заттардың, оның ішінде қымбат мақсатты препараттардың толық тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Науқастар бөлімшеде келесі диагноздармен емделеді: Жедел лейкоз (миелобласты, лимфобласты, промиелоцитты), Иммунды тромбоцитопениялар, Множественная миелома, Созылмалы лейкоз, Созылмалы миелопролиферативті аурулар (Истинная полцитемия, Біріншілік миелофиброз Эссенциалді тромбоцитопения), Миелодиспластикалық синдром, Пароксизмальная ночная гемоглобинурия, Коагулопатиялар, Анемиялар.
ГОБМП және ОСМС жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
Гематолог-дәрігерлер Республикалық гематологтар қоғамының қолдауымен конференцияларға қатысады.