Эндокринология бөлімшесі Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының 3 ғимараттың 3-қабатында орналасқан, бөлім 25 төсек орынға арналған.
Бөлім меңгерушісі – Зинуллина Ассель Асановна, жоғары санатты эндокринолог дәрігер, Жамбыл облысы бойынша штаттан тыс бас эндокринолог, «Қазақстан эндокринологтар қауымдастығы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры. Еңбек өтілі 18 жыл, жоғарғы санат (соңғы мамандық 2023 жылы жаңартылған).
Дәрігерлер:
Малаева Барно Агзамовна – эндокринолог, еңбек өтілі 17 жыл, жоғары санат, (соңғы мамандық 2022 жылы).
Агабаева Эльмира Жүсіпбаевна – эндокринолог, жоғары санат.
Бөлімшенің міндеттері:
Эндокринология – эндокриндік жүйедегі бұзылыстармен байланысты ауруларды емдеумен айналысады. Бөлімше стационарлық, тәулік бойы және амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді, бұл көмек заңнамалық және нормативтік құжаттарда көзделген көлемде кепілдендірілген медициналық көмек бағдарламасы шеңберінде ұсынылады.
Эндокринологиялық бөлімшеде Жамбыл облысының тұрғындарына тәулік бойы мамандандырылған жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі, соның ішінде жүкті әйелдер мен декомпенсацияланған қант диабеті бар науқастар: кетоацидозбен, прогрессивті тамырлық асқынулармен, гликемия деңгейін бақылау, зәрде ацетонды анықтау, инсулин терапиясы, инсулиндер дозасын түзету, Диабет мектебінде оқыту. Қант диабетімен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету, асқынулардың дамуын алдын алу, мүгедектік пен өлім-жітімді болдырмау, пациенттердің өзін-өзі бақылауға деген мотивациясын арттыру және пациенттерді динамикалық бақылау.
Сонымен қатар, бөлімшеде үнемі «Қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі» жұмыс істейді. Бөлім қызметкерлері жыл сайын мамандық бойынша біліктілігін арттырып, Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде қайта даярлықтан өтеді.
Бөлімшенің негізгі жұмыс принциптері:
Бөлімде келесі диагноздармен емделеді:
Тиреотоксикоз және диффузды зоб, Инсулинге тәуелді қант диабеті, Инсулинге тәуелсіз қант диабеті, Гипопаратиреоз.
НЕЛІКТЕН НАУҚАСТАР БІЗДІ ТАҢДАЙДЫ?