Медицина қызметкерінің этикалық кодексі

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК

Медицина қызметкері және пациент

Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына жауапты. Өз жұмсында ол Қазақстан Республикасы заңдарын, іс жүзіндегі нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алады, бірақ бұл ұйғарымдар аясында, аурудың ерекшелітері ескеріліп, әр жағдайда науқас мүддесі басшылыққа алынып тиімдірек ем, диагностика, алдын алу әдістері таңдалады. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері өз әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.

Медицина қызметкері өзі көрсетіп жатқан көмек сапасы ең жоғары деңгейде болуы үшін барынша тырысуға міндетті.

Медицина қызметкері пациентті қисынсыз тәуекелге душар еткізбеуі тиіс, және өз білімін ізгіліксіз мақсаттарға жұмсауға жол бермеуі қажет. Медицина қызметкері кез келген емдеу әдісін таңдау барысында алдымен «Зиян келтіріп алма!» өсиетін басшылыққа алады.

Науқас жағдайын ушықтырмайтын ем-шаралар пайдаланатын, шұғыл көмек көрсетуге міндетті болатын жағдайды есептемегенде, егер пациентпен медицина қызметкері арасында өзара сенімділік болмаса, егер ол өз құзыреттілігін жеткіліксіз деп санаса немесе емдеуге қажетті мүмкіндіктермен қамтылмаса, науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда медицина қызметкері өзінің тікелей басшысын ескертуге міндетті және науқасқа құзыретті маман ұсыну үшін барлық жағдайды жасауы тиіс.

Медицина қызметкері пациенттің емдейтін дәрігерді, мекемені таңдау және емдеу-алдын алу шараларын өткізу бойынша шешім қабылдауға қатысу құқығын құрметтеуге міндетті.

Әдетте пациенттің ерікті келісімін медицина қызметкері науқаспен жеке сөйлесу барысында алады. Бұл келісім саналы түрде жасалуы тиіс, науқасқа емдеу әдістері мен оны қолдану салдары, ықтимал ушығу жағдайлары, сондай-ақ басқа альтернативалық емдеу әдістері жөнінде хабарлануы қажет. Пациенттің келісімісіз емдеу-диагностикалық шараларды өткізуге оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде және жағдайға саналы түрде баға бере алмағанда ғана рұқсат етіледі. Осындай жағдайларда шешімді алқаластықпен қабылдаған жөн. Психикалық аурулармен науқастанғандарды емдеу барысында медицина қызметкері психиатриялық көмек көрсету және оны көрсету барысындағы азаматтар құқығының кепілдемелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңын басшылыққа алуы тиіс. Баланы емдеу барысында медицина қызметкері толық ақпаратты оның ата-анасына немесе қамқоршысына ұсынуы қажет және белгіленген дәрі-дірмектер мен емдеу әдістерін қолдануға олардың келісімін алуға тиіс.

Медицина қызметкері пациенттің қадір-қасиеті мен намысын, жеке құпиясына деген құқығын құрметтеп, оған мейіріммен қарап, туған-туысқандарының науқас жағдайына алаңдаушылық білдіруіне түсіністікпен қарауы қажет, бірақ айтарлықтай кәсіби қажеттілік болмаса пациент пен оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне кіріспеуі тиіс.

Медицина қызметкері пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарына мәжбүрлемеуі тиіс. Дәрігердің наным-сенімдері немесе басқадай кәсіби емес мүдделері диагностика мен емдеуге әсерін тигізбеуі қажет.

Егер пациент саналы түрде өз келісімін бере алмаса, оған үнемі қамқор болып жүрген адам немесе заңды өкілі беруі тиіс.

Пациент өз денсаулығы жөнінде толыққанды ақпарат алуға құқылы, бірақ одан бас тартуына да болады немесе денсаулығы жөнінде хабарлайтын адамды ұсынуы тиіс.

Егер ол пациент денсаулығына айтарлықтай зиян келтіру қауіпі бар деген толық негіз болса, пациенттен ақпаратты жасыруға болады. Бірақ пациенттің анық білдірген талабы бойынша медицина қызметкері толық ақпаратты беруге міндетті. Науқас үшін жағымсыз болжам болған жағдайда өмірінің ұзақ болуына, аурудан айығу мүмкіндігіне үміт қалдырып, ақпаратты барынша абайлап жұмсартып жеткізу қажет.

Пациенттің қалауы бойынша басқа медицина қызметкерінің кеңесінен өту құқығына медицина қызметкері кедергі жасамауы тиіс.

Медицина қызметкері пациентпен жұмыс істеуді басқа маманға тапсырып, одан бас тартуы мүмкіндігі келесі жағдайларда қарастырылған:

– егер өз құзыреттілігіне сенімсіз болса, қажетті көмек көрсету үшін керек техникалық мүмкіндіктер болмаса;

– бұл медициналық көмек дәрігердің адамгершілік ұстанымдарына қайшы келсе;

– дәрігер пациентпен терапиялық қызметтестік құра алмаса.

Медицина қызметкері науқаспен қарым-қатынас жасау барысында өзін жарнамалауға тыйым салынады.

Қателік жібергенде немесе емдеу барысында күтілмеген ушығулар дамығанда медицина қызметкері науқасқа, тікелей басшысына хабарлауға міндетті және шұғыл түрде зиянды салдарды түзетуге бағытталған іс-әрекеттерге кірісуге міндетті.

Кәсіби міндеттемелерін медицина қызметкері дәрігер бүркеншек ат, ресми түрде табысталған атақ дәрежесін көрсетпей, тек қана өз фамилиясы арқылы жүзеге асырады.