Бөлімше меңгерушісі - Сматова Мадина Сейдильдаевна – жоғары санатты УДЗ дәрігері
Альжанова Гүлмира Сағынаевна – жоғары санатты эндоскопист-дәрігер
Базарбаева Жансая Болатқызы – УДЗ дәрігері, сертификат иегері
Садвакасова Зина Дәулетқызы – жоғары санатты рентгенолог дәрігері
Дүйсенбаев Қанат Болысбекұлы – жоғары санатты КТ дәрігерікат иегері
Ерсейт Ақнұр Бақытқызы – ультрадыбыстық диагностика дәрігері, сертификат иегері
Мырзахметова Жанна Рахманқызы – жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері
Ниязбекова Сәуле Мұсаевна – жоғары санатты эндоскопист дәрігері
Дауренбаева Гүлнұр Сейсенқызы – бірінші санатты КТ және МРТ дәрігері
Хайрединова Софа Борисовна – жоғары санатты МРТ дәрігері
Жанабаева Галия Жамбылқызы – жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері
Диагностикалық бөлімше құрылымдық бөлімше ретінде Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының аумағында №1, №2, №7 корпустарда, 1-2 қабаттарда орналасқан. Бөлімшеде келесі кабинеттер жұмыс істейді: 3 ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кабинеті, 3 эндоскопия кабинеті, 3 функционалдық диагностика (ФД) кабинеті, 2 рентген кабинеті, 1 компьютерлік томография (КТ) кабинеті, 1 магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинеті.
Қолда бар жабдықтар мен аппараттар:
УДЗ аппараттары – 5 дана.
Эндоскопиялық жабдықтар – 7 дана (ФГС, ФБС, ФКС, хирургиялық сорғыш, жуу аппараттары).
ФД аппараттары – 12 дана (ЭКГ, ВЭМ, ХОЛТЕР, СМАД, ЭЭГ, спирограф).
Рентген аппараты – 3 дана.
КТ – 1 дана.
МРТ – 1 дана.
Бөлімше меңгерушісі - Сматова Мадина Сейдильдаевна – жоғары санатты УДЗ дәрігері, “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі” медалімен, “Алтын дәрігер” медалімен және басқа да құрмет грамоталарымен марапатталған.
Дәрігерлер:
Альжанова Гүлмира Сағынаевна – жоғары санатты эндоскопист-дәрігер, “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін” медалімен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Базарбаева Жансая Болатқызы – УДЗ дәрігері, сертификат иегері.
Дауренбаева Гүлнұр Сейсенқызы – бірінші санатты КТ және МРТ дәрігері, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Дүйсенбаев Қанат Болысбекұлы – жоғары санатты КТ дәрігері, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Жанабаева Галия Жамбылқызы – жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ерсейт Ақнұр Бақытқызы – ультрадыбыстық диагностика дәрігері, сертификат иегері.
Мырзахметова Жанна Рахманқызы – жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ниязбекова Сәуле Мұсаевна – жоғары санатты эндоскопист дәрігері, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Садвакасова Зина Дәулетқызы – жоғары санатты рентгенолог дәрігері, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Хайрединова Софа Борисовна – жоғары санатты МРТ дәрігері, “Денсаулық сақтау үздігі” медалінің иегері.
Бөлімше штаты:
Дәрігерлер – 14, оның ішінде 11- санаты бар.
Орта медициналық персонал – 17, оның ішінде 13- санаты бар.
Бөлімшенің міндеттері
Диагностикалық бөлімшенің негізгі міндеті – Жамбыл облысы тұрғындарына білікті диагностикалық көмек көрсету, әртүрлі патологияларды уақтылы анықтау, ішкі сапаны тиімді бақылау, орындалған зерттеулердің сапасын сырттай бағалауға қатысу және заманауи технологияларды қолдану.
Диагноздар:
УДЗ кабинеті анықтайды: құрсақ қуысының әртүрлі патологиялары, гинекологиялық аурулар, бүйрек және бүйрек үсті бездерінің аурулары, жұмсақ тіндердің патологиялары, қалқанша безінің аурулары, сүт безінің патологиялары, лимфа түйіндерінің аурулары, қуық және қуық асты безінің патологиялары, ұма аурулары, плевра қуыстарының патологиялары, жүрек аурулары, мойын, жоғарғы және төменгі аяқ-қол тамырларының патологиялары, жүктілік және ұрық патологиялары.
Әртүрлі аурулардың асқынулары мен өршуі: қан кетулер, ісіктер, абсцестер,карбункулдар, жедел бүйрек жеткіліксіздігі (ЖБЖ), плевриттер, жедел несептің кідіруі, тромбоздар, инфаркттар, аневризмалар, панкреонекроздар, инфильтраттар, жарықтардың асқынулары және анықталуы, жүктіліктің үзілу қаупі.
Эндоскопия кабинеті анықтайды: асқазан-ішек жолы аурулары, жедел қан кетулер, қуыс мүшенің перфорациялары, бөгде денелер, онкологиялық аурулар, ішек өтімсіздігі.
Функционалдық диагностика (ФД) кабинеті анықтайды: жедел миокард инфарктісі, жүрек өткізгіштігінің бұзылулары, пароксизмальды тахикардиялар, фибрилляция, толық блокада, гипертониялық криз, артериялық гипертензия.
Рентген кабинеті анықтайды: өкпе туберкулезі, онкопатологиялар, өкпе ісінуі, өкпе артериясының тромбоэмболиясына (ӨАТЭ) күдік, гидроторакс, пневмоторакс, инфаркттық пневмония, жедел ішек өтімсіздігі (ЖІӨ), бүйрек және несеп шығару жолдарының жарақаттары, өкпенің диссеминацияланған үдерістері.
КТ және МРТ кабинеттері анықтайды: инсульттер, жарақаттар, туберкулез, онкологиялық аурулар, тромбоздар, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, аневризмалар, жедел панкреатиттер, панкреонекроз, холециститтер, абсцестер және инфильтраттар, жедел пиелонефрит, бүйрек абсцесі және карбункулы .
Бөлімшенің қызметтері
ЖОКА науқастарына және бүкіл облыс тұрғындарына, амбулаториялық науқастарға, АПК-ке, медициналық сақтандыруы бар науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсету.
Диагностика бөлімшесінде көрсетілетін қызметтер
УДЗ кабинеті: құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ, бүйрек, бүйрек үсті бездері, кіші жамбас мүшелері, ұрық УДЗ, қалқанша без, қуықасты безі, сүт бездері, жұмсақ тіндер, лимфа түйіндері, плевра қуысы, доплерлі ЭХОКГ, мойын, жоғарғы және төменгі аяқ-қол тамырларының УДДГ.
Эндоскопия кабинеті: ФГДС, ФКС, ФБС, емдік колоноскопия, бронхоскопия, бөгде заттарды алу бойынша операциялар.
Функционалдық диагностика кабинеті: ЭКГ, Холтер, СМАД, ВЭМ, ЭЭГ, Спирография.
Рентген кабинеті: бас сүйек, кеуде қуысы, білек сүйектері, буындар, мұрын қойнаулары, омыртқа рентгенографиясы. Асқазан-ішек жолының рентгеноскопиясы (асқазан, өңеш, ішек), урография.
КТ кабинеті: бас миының КТ, ми перфузиясы, кеуде қуысы, құрсақ қуысы, сүйек-бұлшықет жүйесі, мұрын қойнаулары, самай сүйектері КТ, контрасты КТ, жүрек КТ.
МРТ кабинеті: бас миының МРТ, кеуде қуысы, құрсақ қуысы, құрсақ қуысы артының кеңістік, кіші жамбас, сүйек-бұлшықет жүйесі МРТ, контрасты бас миының МРТ (перфузияны бағалау), МРТ-трактография, динамикалық контраст күшейту арқылы сүт бездерінің МРТ.
Дәрігерлерді оқыту және мамандандыру:
Бөлімшенің барлық мамандары бастапқы мамандандырудан өткен, жақын және алыс шетелдерде оқытылған, жоғары білікті, жоғары санатты, көпжылдық тәжірибесі бар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көптеген мемлекеттік наградаларына ие.