Қабылдау бөлімшесі Тараз қаласы Аитиева көшесі №2 мекен жайда №1 ғимаратың 1ші қабатында орналасқан.
Қабылдау бөлімшесі өзінің арнайы жедел жәрдем көлігінің тұратын орнымен орналасқан. Облыстық көпбейінді ауруханада қабылдау бөдімшесінде дәрігерлер тәулік бойы науқастарға медициналық шұғыл көмек көрсетеді.
Бөлімшеде арнайы пациеттерді іріктеу посты, диагностикалық бөлмелерден т.б құрамынан тұрады.
Қабылдау бөлім меңгерушісі Белдібай Рамазан Белдібайұлы, жұмыс өтілі 6 жыл
Бөлім дәрігерлері
Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бойынша жұмыс атқарылады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығы);
Қабылдау бөлімі триаж жүйесі бойынша науқастарды ауырлық жағдайына байланысты лектерге бөліп қабылдайды
Қабылдау бөлімінде ЭКГ және дефибриллятор апараттары бар.
Жоспарлы науқастарды тұрғылықты жері бойынша емханалардан жолдамалар арқылы госпитализация бюросы арқылы толық көлемде зерттеулер жүргізіле отырып қабылдау жүргізіледі. Әр бөлімшеде жоспарлы госпитализация үшін қажетті зерттеулердің өз тізімі бар.
Қабылдау бөлімінде жұмыс өтілі бар білікті, тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді, қажет болған жағдайда қабылдау бөлімінде науқастарды барлық тар бейін бойынша тексеріледі.
Қажет болған жағдайда жедел диагностикалық зерттеулер (қымбат тұратын КТ және МРТ қоса алғанда) және зертханалық зерттеулер жүргізіледі.